
Ұлытау облысы ТЖД Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мен №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірігіп тұрғын үй секторында өрттердің, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Іс-шара барысында пешті жылыту және электр жабдықтарын дұрыс пайдалану басты назарда болды. Статистика көрсеткендей, өрттер ақаулы құрылғылардың жұмысынан және пешті жылыту кезінде жіберілген қателіктерден туындайды. 2023 жылы облыс бойынша тұрғын үйлерде 103 өрт оқиғасы тіркелген. Үй иелеріне парақшалар түріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы үгіт материалдары табысталды.
Ұлытау облысы ТЖД үйіңіздегі өрттерді болдырмау үшін өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін сақтауларыңызды сұрайды:
- газ плитасы жанып, камин, пеш немесе электр құрылғылары жанған кезде балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз;
- барлық электр құрылғыларының жарамдылығын қадағалаңыз;
- жылыту маусымы басталғанға дейін және жылыту маусымы кезінде әр үш ай сайын мұржаларды күйеден тазартуды ұмытпаңыз;
- пәтерде газдың иісі болған кезде электр жарығын қосуға, сіріңке жағуға, темекі шегуге, ашық отты қолдануға жол бермеңіз.
Өрт немесе түтін болған жағдайда өрт сөндіру бөліміне нақты мекенжайды көрсете отырып, «101» немесе «112» нөмірлері бойынша дереу хабарлаңыз.
Қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтай отырып Сіз өзініңіздің және жақындарыныздың өмірін аман алып қаласыз.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі