Біздің батырлар: Асар Бисақов

Біздің батырлар: Асар Бисақов

Батыс Қазақстан облысы ТЖД Күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының аға диспетчері Асар Нұртайұлы Бисақов 2011 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет етеді. Өрт сөндіруші-құтқарушы лауазымынан бастап Асар Бисақов бірнеше рет ірі және күрделі өрттерді сөндіруге қатысты.   

Мәселен, 2018 жылдың қыркүйегінде бес қабатты тұрғын үйді сөндіру кезінде өз бетінше шыға алмаған қарт әйелді өрттен шығарды. Сондай-ақ, 2023 жылдың тамызында Жайық өзенінде профилактикалық рейд жүргізу кезінде ол суға батып бара жатқан баланы көріп, формалы киіммен суға түсіп, суға батып бара жатқан адамды құтқарды.