Азаматтық қорғау органдары қызметінің мәселелері бойынша қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – Қоғамдык кеңес) 2015 жылғы
2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 9-бабына және Қоғамдық кеңес туралы 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 Үлгілік ережеге сәйкес ҚР ТЖМ Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс туралы хабарлайды.
Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өтеді.
Құжаттар 2023 жыл 29 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 16 қаңтарға дейін қабылданады.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы саны 19 адам.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері хабарландыру мынадай құжаттарды ұсынады:
1. Кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (1 және 2-қосымша);
2 Өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (3-қосымша);
3. Сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4. Психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар қажетті куәліктерді өздері немесе ақпараттық жүйелерден Төтенше жағдайлар министрлігі анықтамаларды сұратуға келісімін бере отырып тапсырады.
Құжаттар Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 2-кіберіс мекенжайы бойынша қабылданады немесе zhangeldina.g@emer.kz электрондық поштасына жіберіледі.
Анықтама телефоны: 8 705 744 78 97.