Аяз Ата мен Ақшақар халықты өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың салдары туралы ескертті

Аяз Ата мен Ақшақар халықты өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың салдары туралы ескертті

Павлодар қаласы ТЖБ қызметкерлері Аяз Ата және Ақшақармен бірге балаларға нағыз ертегі сыйлады. Олар жеке сектордың үйлеріне барып, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың салдары туралы ескертті. Шынында да, жаңа жыл қарсаңында өрттер саны бірнеше есе артады.

ТЖБ қызметкерлері шыршаларды орнату және гирляндаларды пайдалану ережелері туралы тағы да айтып берді. Жарықтандыруды түнде немесе үйде ешкім болмаған кезде қалдыруға болмайды. Жұмыс істейтін розеткалар мен ұзартқыш сымдарды пайдалану маңыздығын түсіндірді. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындарға отшашуларды ұшыру бойынша қауіпсіздік ережелері туралы еске салынды.

Әрине, Аяз Ата мен Ақшақар балаларды да, ересектерді де сыйлықсыз қалдырған жоқ. Балалар өлеңдерді қуана айтып тәттілер алды, ал үйлерде ТЖБ қызметкерлері түтін тараған жағдайда іске қосылатын көміртегі тотығы датчиктерін орнатты.

 

Павлодар облысы ТЖД

қоғаммен байланыс тобы