Қазавиақұтқару қызметкерлері балалар үйінің балаларына барды

Қазавиақұтқару қызметкерлері балалар үйінің балаларына барды

Жаңа жыл қарсаңында ТЖМ Қазавиақұтқару өкілдері Астана қаласындағы «Нұрлы жүрек» балалар үйінде тұратын балаларға барды. Қонақтар бос қолдарымен келмеді, 116 балаға оқу ойыншықтары мен тәттілер сыйға тартылды, аниматорлармен ойын-сауық бағдарламасы дайындалды.

«Әдетте, жақсы істер туралы айтылмайды, бірақ біз жаңа жылдық жылы көңіл-күй мен атмосфераны шынымен мұқтаж балаларға жеткізуге тырыстық. Мұндай акциялар жақсы дәстүрге айналады деп үміттенеміз, ал мұндай іс–шараларға жәрдемдесетін адамдар саны артады», – деп атап өтті Қазавиақұтқару ұшуға жарамдылығын сақтауды жоспарлау бөлімінің инженері Нұрдәулетғали Қорлұсбаев.

Құтқарушылар балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, барлығына зор денсаулық және ең қымбат тілектердің орындалуын тіледі.

 

ТЖМ Қазавиақұтқару баспасөз қызметі