Пиротехникамен абай болыңыз!

Пиротехникамен абай болыңыз!

24 желтоқсан сағат 04-27 Павлодар қаласы Ломов көшесі, 179 үйдің балконының жануы туралы хабарлама түсті.

Өрт сөндірушілер  шұғыл құтқару жасағы және апаттар медициналық қызметінің 29 қызметкерлері дереу оқиға орнына аттанды. Оқиға орнына келгенде балкондағы бір бөлмелі пәтерде 1 шаршы метр аумақтағы ағаш қабырға жабыны жанып кеткенін анықтады. Сағат 04:55-те жану жойылды. Алдын ала себебі: пиротехниканы пайдалану ережелерін бұзу

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде тыйым салынады:

  1. ғимарат ішінде, үй-жайларда пиротехникалық бұйымдарды қолдану.
  2. пиротехникалық бұйымдарды кез келген құрылыстардан 20 метр қашықтықта іске қосу;
  3. пиротехникалық бұйымдарды адамдар мен жануарларға бағыттау
  4. ересектердің қатысуынсыз балаларға қолдануға.
  5. пиротехникалық бұйымдарды жылыту аспаптары мен ашық от көздерінің жанында сақтау

Өзіңізге және жақындарыңызға абай бюлыңыз!

 

Павлодар облысы ТЖД

қоғаммен байланыс тобы