Қысқы кезеңдегі балық аулау бойынша қауіпсіздік!

Қысқы кезеңдегі балық аулау бойынша қауіпсіздік!

Облыс аумағында ауа температурасының төмендеуіне  байланысты су айдындарында мұз қату жағдайлары жиі байқалады. Көбіне қыстың мұндай кезеңдерінде балалар мен балық аулауды жаны сүйетін жандардың арасында қайғылы жағдайлар жиі орын алып жатады. 

Осыған орай, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында қысқы кезеңде су айдындарында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және түсіндіру бойынша ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Азаматтық қорғаныс басқармасының және Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері балықшылармен арнайы сауалнама жүргізіп, сондай-ақ өзін-өзі құтқару және суға немесе мұз астына құлап кеткен адамға көмек көрсету әдістері көрсетіледі.

 

Жамбыл облысы ТЖД 

Азаматтық қорғаныс басқармасы