Құтқарушылар 47 жастағы жоғалған ер адамды тапты

Құтқарушылар 47 жастағы жоғалған ер адамды тапты

24 желтоқсан күні Қобда ауданы Бегалы ауылы «Атапкел» шаруа қожалығының малшысы шамамен сағат 10:00-де шығып қайтып оралмағаны жөнінде 112 құтқару қызметіне хабарлама келіп түсті.

Іздестіру құтқару жұмыстарына Қобда ауданының 5 құтқарушысымен 2 бірлік техникасы шықты. Іздестіру құтқару жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар кешкі сағат 22:30-да  Бегалы ауылынан 3 шақырым жерден аман есен тапты. Медициналық көмекті қажет етпеді.

Ақтөбе облысының ТЖ департаменті азаматтарға ауа-райының өзгеруін қадағалауға, ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауға кеңес береді.

 

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі