
Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру кезекшілік қызметінің жедел кезекшісі. Азаматтық қорғау майоры Қатапов Нұрлыбек Жұмабиденұлы азаматтық қорғау органдарында 2011 жылдың шілдесінен бастап қызмет етеді. Қызмет өткеру уақытында өзін адал, атқарушы қызметкер ретінде көрсете білді. Бірнеше рет ірі және күрделі өрттерді сөндіруге қатысып, адам өмірін құтқаруға, тұрғындардың мүлкін сақтауға бар күшін салды. Азаматтық қорғау майоры Н. Қатапов батылдық, табандылық танытып, күрделі өрттерді сөндіру кезінде тез оң шешімдер қабылдады.
2023 жылғы 16 шілдеде көпқабатты үйдің 3 қабатының балконынан түтін шығып жатырғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Шақыру орнына келгеннен кейін 3 қабатағы пәтердің балконы ашық отпен жанып жатырғандығы анықталды. Азаматтық қорғау майоры Н. Қатапов жедел түрде барлау жұмыстарын жүргізіп, №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімнің жеке кұрамына адамдарды құтқару, эвакуациялау және өрт сөндіру жұмыстарына пәрмен берді. Өрт сөндіру автосатысы арқылы жедел түрде адамдарды құтқаруға пәрмен беріліп, 2-ші және 4-ші қабаттағы қылтимадан 6 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала. Оқиға орнынан 38 адам эвакуацияланды, оның ішінде 17 бала. Азаматтық қорғау майоры Н. Қатаповтың жедел әрекетінің арқасында өрт ошағының кең аумақта таралуына жол берілмеді және адам өмірі сақталып қалды.