Өңірлік қызметтің ақпараттық алаңында «Жаңа жылдық мерекелер кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы» тақырыбында брифинг өтті. Брифинг бойынша Алматы облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Александр Пархоменко сөз сөйледі. Брифинг барысында жаңа жылдық мерекелер кезінде халық қауіпсіздігі мәселелері айтылды және бұқаралық ақпарат құралдарының барлық сұрақтарға жауаптар берілді.
Брифинг барысында жаңа жылды мерекелеу кезеңінде және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде халықтың қауіпсіздігі мәселелері айтылып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауаптар берілді.
Алматы облысының ТЖД азаматтарға жаңа жылдық кезеңдегі маңызды қауіпсіздік ережелерін еске салады. Жаңа жылдық іс-шараларды мерекелеу қарсаңында және өрт пен адамдардың жарақаттануының алдын алу мақсатында үйде де, өткізілетін басқа жерлерде де өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі