ШҚО құтқарушылары Аяз ата мен Ақшақарға көмекке келді

ШҚО құтқарушылары Аяз ата мен Ақшақарға көмекке келді

Шығыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с дейін қатты жел,  боран мен аяз туралы дауылдық ескерту жарияланды. Алайда, Аяз Ата мен Ақшақар ШҚО ТЖД құтқарушыларының қолайсыз ауа-райы туралы ескертулеріне құлақ түрмей мерекелік шараларға аттанды. Салдарынан олар төтенше жағдайға тап болды. Желдің екпіні мен қатты боран жолды жауып тастады, олардың көлігі қарлы боранға тап болып, батып қалды.

Аяз Ата мен Ақшақарға ШҚО ТЖД құтқарушылары көмекке келді, олар жол талғамайтын техникамен автожолдан эвакуациялады. «Саяхатшылар» жылытылып, қарлы боранға шығудың қауіпті екендігіне тағы да нұсқау алды.  Сондай-ақ, құтқарушылар көлікті қысқы жолға қалай дайындау керектігін көрсетті.  Олар Аяз Атаға кабель салынған сөмкені, оталдыруға арналған сымды, жанармай қорын, күрек, фонарь, жылы заттар, азық-түлік, телефонның қосалқы зарядтағышын берді.

ШҚО ТЖД азаматтарға жолға шыққан кезде жақындарына өз бағыты туралы және қайтып оралу уақыты туралы ескерту қажет екенін ескертеді.

Егер сіздің көлігіңіз қыс мезгіліне дайын болмаса және дауыл туралы ескертулер жариялаған кезде елді мекендердің шегінен шықпауға және тәуекелге бармауға болмайтынын ескертті.  

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі