Маңғыстау облысында жаңа жылдық іс-шараларда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы

Маңғыстау облысында жаңа жылдық іс-шараларда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы

20 желтоқсанда «Атамекен» алаңында Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникациялар орталығының Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау  басқармасы бастығының орынбасары Арман Теңел қатысуымен «Жаңа жылдық іс-шарада және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» тақырыбында жүрмелі брифингі өтті.

Тұрғындар мен ұйымдар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихаттау кешені ұйымдастырылды, пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бүгінгі таңда облыс бойынша Департамент жаңа жылдық іс-шараларды өткізетін 40 нысанды есепке алды.

Қалалар мен аудандарда жаңа жылдық іс-шаралар өткізілетін орындарда (білім беру, әлеуметтік, мәдени және спорт саласының объектілері) офицерлер құрамынан кезекшілікпен жедел топтар құрылды, іс-шараларды өткізу кезінде үй-жайларда пиротехникалық бұйымдарды, ашық отты қолдана отырып арнайы эффектілерді пайдалануға тыйым салу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мерекелік іс-шараларға жұмылдырылған объектілердің жедел жоспарлары мен өрт сөндіру карточкаларына түзетулер енгізілді. Кәсіби авариялық-құтқару жасағының жеке құрамы мен техникасы дайындыққа келтірілді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлермен және қызметкерлермен 47 нұсқаулық өткізілді, онда 400-ден астам үгіт-насихат материалдары таратылды. Адамдар көп жиналатын объектілерде жаңа жылдық іс-шараларда өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша бейнероликтердің тәулік бойы көрсетілімі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушыларға терезелерінде торлары жоқ кемінде екі эвакуациялық шығу жолымен қамтамасыз етілген үй-жайларды пайдалану, сахнада және зал үй-жайларында өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдардың кезекшіліктерін ұйымдастыру, үй-жайларды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету және т.б. туралы еске саламыз.

 Маңғыстау облысының ТЖД баспасөз қызметі