Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа жылдық мереке кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша брифинг өтті

Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа жылдық мереке кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша брифинг өтті

2023 жылғы 21 желтоқсанда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мерекелік іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Спикер болып ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Камалов Рамиль Фаткулович сөз сөйледі.

Жыл сайын жаңа жылдық мерекелік іс-шараларда өрттердің туындау, адамдардың қаза болу және жарақат алу қаупін азайту мақсатында ТЖ министрлігі халықпен профилактикалық жұмыс, оның ішінде білім беру ұйымдарында балалармен, корпоратив өткізетін ойын-сауық мекемелерінің меншік иелерімен, пиротехникалық бұйымдарды таратушылармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Елімізде мерекелік жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде ережелер мен талаптарды сақтау мәселелеріне қоғамның назарын аудару үшін «Қауіпсіз жаңа жыл» республикалық акциясы басталды.

Статистика өрттің өсуі дәл жаңа жылдық кезеңде шыңына жететіндігін көрсетеді. Егер күніне орта есеппен 20-30 өрт болса, онда жаңа жылдық мерекелерде олардың саны екі есе артады.

Мәселен өткен жылы 31 желтоқсанда 40 өрт болды, онда 4 адам қаза тапты, 1 қаңтарда – 42 өрт болып, 3 адам қаза тапты.

Айта кету керек, мұндай өрттердің көп бөлігі тұрғын үй секторында орын алады. Бұл мемлекеттік өрт бақылау тұрғысынан ең реттелмейтін сала. Статистикаға сүйенсек, өрттің шамамен 60%-ы тұрғын аудандарда орын алады, мереке күндері бұл көрсеткіш 80%-ға дейін артады.

ТЖМ азаматтарды жаңа жылдық іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Мыналарға:

- үй-жайларда өртке әкеп соғуы мүмкін отшашуларды ұйымдастыруға;

- қатарлар арасындағы жолдардың енін азайтуға және өту жолдарында қосымша орындықтар орнатуға;

- іс-шара кезінде бөлмедегі жарықты толығымен өшіруге;

- үй-жайды белгіленген нормадан артық адамдармен толтыруға қатаң түрде рұқсат етілмейді.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі