Абай облысында жаңа жылдық мерекелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Абай облысында жаңа жылдық мерекелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді

«Атамекен» кәсіпкерлер Палатасында жаңа жылдық мерекелер кезінде  қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

Іс-шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті болды.

Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, полиция қызметкерлері, қауіпсіздік саласындағы сарапшылар, кәсіпкерлер мен қоғамдық өкілдер мереке кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясын әзірлеу бойынша өзекті мәселелерді бірге талқылады:

Төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша: қатысушылар өрттерді, жол қауіпсіздігін бақылауды және төтенше жағдайлардың алдын-алу шараларын қоса алғанда, жаңа жылдық мерекелер кезеңінде ТЖ алдын-алу жүйесін нығайту жөніндегі қадамдарды талқылады.

Мерекелік іс-шаралардың қауіпсіздігі бойынша: фестивальдер мен концерттер сияқты бұқаралық іс-шараларда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты мәселелер қаралды. Адамдар көп жиналатын жерлерде қауіпсіздікті бақылау, медициналық көмек көрсету және эпидемияға қарсы шараларды сақтауды бақылау жайлы талқыланды.

Кәсіпкерлермен ынтымақтастық бойынша: бизнес қоғамдастығы өкілдері өз кәсіпорындары аясында қауіпсіздікті жақсарту және бірлескен жобаларды іске асыруға көмектесу бойынша өз идеяларымен және ұсыныстарымен бөлісті.

Халықты оқыту және даярлау бойынша: отырыс, сонымен қатар, халықты қауіпсіздік және ТЖ-ға ден қою негіздеріне оқыту мәселелеріне арналған.

Осы іс-шара аясында Абай облысының БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізілді.

Отырыс соңында қатысушылар алдағы мереке күндері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық пен өзара іс-қимылға дайын екендіктерін білдірді.

Бұл отырыс қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі күш-жігерді біріктірудің және билік пен бизнес қоғамдастығы арасындағы серіктестікті қолдаудың тамаша үлгісі болды.

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі