«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі С.Д. Шәріпхановтың төрағалығымен азаматтық қорғау органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесті қалыптастыру үшін жұмыс тобын құру жөніндегі бірінші отырыс өткізілді.
Жұмыс тобына қатысу үшін коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан 5 өтініш берілді. Байқаушы ретінде қатысуға өтінімдер түскен жоқ.
Отырыста Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына 7 кандидат бірыңғай дауыс беру арқылы бекітілді, оның 5-і азаматтық қоғамдастықтан және 2-і төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі.
Бірыңғай дауыс беру арқылы Жадра Аслан Жумаевич – «Қазақстан Республикасының кәсіби авариялық-құтқару қызметтері Қауымдастығы» ЗТБ ӨРҰ төрағасы жұмыс тобының жетекшісі болып сайланды.
Жұмыс тобының келесі отырыстары сайланған топ басшысының төрағалығымен өткізілетін болады.