
20 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығы Ернұр Өтегенов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Жаңа жыл мерекесіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» тақырыбында ұйымдастырылған брифингте сөз сөйледі.
Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық ауқымды «Қауіпсіз жаңа жыл» акциясын өткізуде. Аталған шара аясында, төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында, еліміздің барлық өңірінде жергілікті атқарушы органдармен, еріктілер, блогерлер және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, бірлескен кең ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Акцияның негізгі мақсаты – мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде қауіпсіздік ережелері мен талаптарын сақтау мәселелеріне қоғамның назарын аудару.
Жаңа жыл жақындаған сайын халықтың түрлі пиротехникалық бұйымдарды пайдалануына байланысты төтенше жағдайлардың туындау қаупі бар. Тәжірибе көрсеткендей, өрттің пайда болуы және пиротехникалық бұйымдардан жарақат алудың барлық жағдайлары осы бұйымдармен абайсызда жұмыс істеу және қарапайым ережелерді сақтамау салдарынан болған.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа жылдық мерекелерді өткізуге тартылған объектілердің есебі жүргізіледі. Қазіргі уақытта 159 нысан есепке алынды. Осы объектілерде өртке қарсы жай-күйі тексерілді, әкімшілік пен персоналға ұсыным хаттар таратылды және өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді, сондай-ақ тұрақты мониторинг қамтамасыз етілді.
Халықпен және ұйымдармен дәрістер, әңгімелер, нұсқамалар өткізіледі. Қазіргі уақытта 423 адамды қамтитын 159 нұсқама, дәріс және әңгіме өткізілді, оның барысында 741 үгіт-насихат материалы таратылды.
Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері облыстың кәсіпкерлер палатасының алаңында дөңгелек үстел ұйымдастырды, онда қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді.
Бұдан басқа, полиция департаменті және еріктілермен бірлесіп, адамдар көп жиналатын объектілерде және пиротехникалық бұйымдардың ықтимал сауда орындарында рейдтік іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Біздің облыс аумағында соңғы 3 жылда күзгі-қысқы кезеңде
6 адам суға батып кетті. 2023 жылы облыс су айдындарында 16 адам суға батып кетті, оның ішінде 4 бала, 16 адам құтқарылды, оның ішінде 9 бала.
Бүгінгі таңда облыстың су айдындарындағы мұздың қалыңдығы орта есеппен 15 см құрайды (Орал қ. Шаған өз. - 20 см, Деркөл өз. - 20 см, Жайық өз. – 15 см, Шалқар көл. – 6 см, Чапаев кенті Жайық өз. – 15 см).
Мұздың беріктігі бір жаяу жүргінші үшін қалыңдығы кемінде
10 см болатын жасыл түсті мұз. Автокөлік өткелдерін ұйымдастыру үшін 25 см кем болмауы қажет. Ешбір жағдайда мұздың беріктігін аяқтың соққысымен тексеруге болмайды.
Мұздың қалыңдығы 25 см кем болған кезде мұз астында балық аулауға жеке құтқару құралдары болған кезде жол беріледі, бұлар: ысқырық, құтқару шильці, құтқару кеудешесі, диаметрі 11 миллиметрден кем емес, ұзындығы 12 метрден кем емес арқан, ұзындығы 2 метрден кем емес таяқ, су өткізбейтін пакеттегі ұялы телефон.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі