
Астана қ. ТЖД Өрт сөндіру және авриялық-құтқару қызметінің № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы. Азаматтық қорғау сержанты Аян Құдайбергенұлы Уәлиев азаматтық қорғау органдарында 2019 жылдан бастап қызмет етеді.
Қызмет барысында көптеген күрделілігі әртүрлі өрттерді сөндіруге қатысқан. Соның бірі 2023 жылы 3 мамырда Шұбар шағын ауданындағы қонақ үй аумағында газ толтырылған сыйымдылық жанған. Аян әріптестерімен бірге сыйымдылықты сөндіру бойынша 8 сағат жұмыс атқарды. Аян және басқа да өрт сөндірушілердің кәсіби әрі жедел жұмыстарының және үйлесімді әрекеттердің арқасында газ толтырылған цистернаның жарылуына жол берілмеді.