Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында Төтенше жағдайлар министрлігі ведомстволық наградалармен марапаттау рәсімін өткізді.
Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне белсенді ынтымақтастығы және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ТЖМ Құрмет грамоталарын табыс етті.
Мемлекеттік органдар ұзақ жылдар бойы азаматтық қорғау саласындағы стратегиялық құжаттарда көзделген іс-шараларды қолдап, ілгерілетуге жәрдемдесіп келеді.
ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және
ақпараттық-аналитикалық жұмыс департаменті