Павлодарда кәсіпкерлермен дөңгелек үстел өткізілді

Павлодарда кәсіпкерлермен дөңгелек үстел өткізілді

Павлодар облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерімен мерекелік жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Спикерлер ретінде Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Р.Е. Валишанов, Павлодар облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі О.Т. Уәлиханов сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел барысында пиротехникалық бұйымдарды, иллюминациялық электр аспаптарын пайдалануға, сондай-ақ эвакуациялау жолдарының жай-күйіне, алғашқы өрт сөндіру құралдарының, автоматты өрт дабылы жүйелерінің болуына ерекше назар аударылды.

 

Павлодар облысы ТЖД

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы