Павлодар облысы ТЖД өрт сөндірушілері баланы жанып жатқан пәтерден құтқарды

Павлодар облысы ТЖД өрт сөндірушілері баланы жанып жатқан пәтерден құтқарды

18 желтоқсанда сағ. 15-28-де 112 пультіне пәтердегі өрт туралы хабарлама келді.

ТЖ орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері мен апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері дереу оқиға орнына келді. Үш қабатты үйдің үшінші қабатында екі бөлмелі пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Ауданы 10 ш. м., жерде үй заттары мен жиһаздар отқа оранды.

Пәтерде әжесімен бірге қалған 2015 жылы туған бала болды, әжесі дүкенге азық-түлік сатып алуға шығып кеткен. Газ-түтіннен қорғау қызметінің қызметкерлері автосаты орнатып, балкон арқылы баланы құтқарды. Бала апаттар медицина орталығы қызметкерлерімен  тексерілді   жеңіл жану заттарымен улану диагнозы қойылып, ауруханаға жатқызу қажет  емес екендігі анықталды

Өртті сөндіруге 6 бірлік техника мен 21 қызметкер қатысты. Өрт сағат  15-58 жойылды.

 

Павлодар облысының ТЖД

қоғаммен байланыс тобы