
2023 жылғы 12 желтоқсанда сағат 19-дан 10 минут өткенде Ақтөбеден Түркістан облысына бет алған, алайда Қызылорда облысының аумағында байқалатын 20 градустық аяздың әсерінен, жүк көлігінің отын жүйесі қатып қалып, әрі қарай жүруі мүмкін болмағандықтан Қызылорда облысындағы Жосалы 2-трассалық медициналық-құтқару пунктіне ауыр жүк көлігінің жүргізушісі келді.
Тоңған жүргізушіге куәгерлер жақын маңдағы жол пунктіне баруға кеңес берген екен.
Жол бойындағы пункт бригадасының қызметкерлері жүргізуші мұндай ерекше ауа-райын сезінбеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Жылы бөлмеге ауыстырылды, жылытылды, тамақтандырылды. Дәрігерлер медициналық тексеруден өткізді, зардап шеккен адамға ауруханаға жатқызудың қажеті болмады.
Дизелдік жылыту құралы мен газ оттығының көмегімен тоқтап қалған көлік тек үшінші күні жылытылды, ал ер адам одан әрі қарай жол жүруге жарады.
2023 жылдың 14 желтоқсанында жол жүруге жарап, Түркістан облысына қарай бағыт алған VOLVO маркалы жүк автокөлігінің көлік жүргізушісі 1982 жылы туған, Түркістан облысының тұрғыны Қошаев Талғат Спабекұлы өзіне көмек көрсеткен қызылордалық құтқарушыларға алғыс білдірді.
Қазақстанның трассалық қызметі республиканың барлық 14 облысында орналасқан және жауапкершілік аймағында 50 км жұмыс істейтін қырық трассалық медициналық-құтқару пункттерінен тұрады.
ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ
Қызылорда филиалы