
Азаматтық қорғау сержанты Гүлдана Байдақпаева Абай облысы ТЖД «ӨСжАҚҚЖ» РММ радиотелефоншысы. Шығыс Қазақстан облысында Қалбатау ауылында дүниеге келген. Орта мектепті тәмәмдағаннан соң Семей қаласындағы заң колледжіне оқуға түседі.
2016 жылы өз тағдырын өрт сөндіру қызметімен байланыстыруға шешім қабылдап, өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарына радиотелефоншы лауазымына орналасады. Гүлдана функционалдық міндеттерін тиянақты және жауапкершілікпен орындайтын қызметкер. Радиотелефонистің жұмысы күрделі қызмет, байланыс құралдарының құрылымын, өрт сөндіру автомобильдерінің техникалық деректерін, бөлімшенің шығу аймағындағы объектілердің сипаттамаларын жақсы білуі талап етіледі.
Кейіпкеріміз аз ғана уақыт ішінде радиотелефониске қатысты қызметтің қыр-сырын жоғары дәрежеде меңгере алған қызметкер. 2023 жылы қызметте көрсеткен жоғары кәсібилігі үшін Семей қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Жұмыста жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін Гүлдана бос уақытында өзін-өзі жетілдіру мақсатында кітап оқиды, спортпен шұғылданады.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі