
Павлодар облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері Ертіс өзеніндег мұздың беріктігіне әуеден шолу жасады. Қазіргі кезде мұздың әлсіздігі анықталды тіпті оның кей жерлерде жоқ екендігіне көз жеткізілді, бұл - мұздан өту және мұз астынан балық аулау қауіпті екенін білдіреді.
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес мұзда қауіпсіз болу мұздың қалыңдығы оған түсетін салмаққа сәйкес болып табылады. Бұл ретте мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін кемінде 10 сантиметрді, бұқаралық спорттық және мерекелік іс-шараларды және автокөлік өткелдерін ұйымдастыру үшін кемінде 25 сантиметрді құрайды.
Мұзда болған кезде рұқсат етілмейді:
1) мұздың жұқа және берік емес жерлеріне шығу;
2) мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінне топ болып жиналып шығуға;
3) мұздағы ойықтарға, жарықтарға жақындау;
4) өткелдер үшін бөлінген орындардың шекарасынан тыс көлік құралдарымен мұзға шығуға;
5) от жағуға;
6) екі ойықты 20 сантиметрден аз қашықтықта, ал екі ойық басқа жұп ойықтан 2 метрден аз қашықтықта тесу;
7) мұзда жабдықтар мен қоқыстарды қалдыруға.
Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, сондай-ақ ата-аналарды балалардың мұзға өз бетінше шығуына жол бермеуге шақырамыз.
Павлодар облысының ТЖД
Азаматтық қорғаныс басқармасы