
Абзал Есжанов 1991 жылы 13 тамызда Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында дүниеге келген. Азаматтық қорғау органдарында 10 жылдай қызмет етіп келеді, қазіргі уақытта Қарағанды қаласы №5 өрт сөндіру бөлімінде қарауыл бастығы болып қызмет етеді.
«Тәуелсіздіктің құрдасы болу мен үшін үлкен құрмет пен зор жауапкершілік. Тәуелсіздік, ең алдымен, маған лайықты өмір сүруге, сапалы білім алуға, тәжірибе жинауға және өз ісімнің білікті маманы болуға мүмкіндік берді», – дейді Абзал Есжанов.
Абзал Есжанов ержүректелігімен, адамдарды құтқару бойынша берілген тапсырмаларды орындау үшін жеке құрамды ұйымдастыра білу қабілетін көрсете отырып, әртүрлі күрделі өрттерді сөндіруге, авариялық-құтқару жүргізуге бірнеше рет жетекшілік етті.
«Егер әрбір қазақстандық өз жұмысын тиімді және адал атқарса, еліміз өркендеу мен ілгерілеу жолында сенімді қадамдар жасай береді», - дейді Абзал Есжанов
Қарауыл бастығы Абзал Есжанов, басшылықтың айтуынша, болашағынан үміт күттіретін, білікті, жауапты қызметкер және әріптестеріде ол жайлы тек жақсы пікірде.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі