
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құрам арасында моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасының аға офицерлері жас мамандардың тұрмыстық жағдайымен танысты.
Мақсаты-отбасылық-тұрмыстық жағдайларын, сондай-ақ қызметкерлердің отбасының азаматтық қорғау қызметіне қатынасын зерттеу.
Жас қызметкерлердің отбасы мүшелерімен кездесу барысында жол қозғалысы, қауіпсіздік мәдениеті, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді.
Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасы бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі Қуаныш Муталлапов құтқарушылар күн сайын жүздеген адамның өмірін құтқарып, кез-келген уақытта көмекке келуге дайын екенін атап өтті.
Кездесу соңында жас қызметкерлердің отбасы мүшелері пайдалы және мазмұнды ақпарат үшін алғыстарын білдірді.
Қарағанды облысы ТЖД