Біздің батырлар: Султан Ахметкалиев

Біздің батырлар: Султан Ахметкалиев

Астана қ. ТЖД № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт-сөндіруші-құтқарушысы. Султан Ахметкалиев азаматтық қорғау органдарында 2011 жылдан бастап қызмет атқарады.

2022 жылы Қостанай облысындағы болған табиғи өртте ержүректік пен батылдықты көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Спортпен белсенді түрлде айналысады. Қазақстан Республикасының гір спорты бойынша спорт шебері.