ТЖМ-да төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өткізілді

ТЖМ-да төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өткізілді

Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісовтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Отырыста өрт қауіпті кезеңнен өту қорытындылары, адамдар мен жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларын таратпау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселелер талқыланды.

Төтенше жағдайларды ескере отырып, төтенше жағдайлардың барлық түрлеріне ден қою кезінде іс-қимыл алгоритмін қайта қарау жолымен төтенше ден қою саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар тіршілікті қамтамасыз ету және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, қысқы кезеңде өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың сақталуын бақылауды күшейту жөнінде шаралар кешенін қабылдау.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік орган орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы насихатты күшейтуді, сондай-ақ табиғи өрттерді ерте анықтау жөнінде шаралар кешенін қабылдауды ұсынды. Сонымен қатар, ел халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру тапсырылды.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі