ТЖМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы: адалдық кәсіпқойлықтың, қоғамға мүлтіксіз қызметіне сенімділіктің негізі

ТЖМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы: адалдық кәсіпқойлықтың,  қоғамға мүлтіксіз қызметіне сенімділіктің негізі

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі және жоғары деңгейде жүргізіліп жатқан ақпараттық жұмысы үшін Төтенше жағдайлар министрлігі «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің наградасымен марапатталды.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні мен «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» РҚБ-ның 10 жылдығына арналған «Адал Тұлға» IX сыйлығы аясында ТЖМ қызметкерлері Серік Дүйсембеков, Жанна Дәуренбекова, Азамат Жасамбаев, Ержан Құдайбергенов, Мақсат Төремұрат та «Қоғамдық құрмет» номинациясымен марапатталды.

ТЖМ трансформациясы шеңберінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін «Integrity check» парасаттылығына тексерудің пилоттық жобасы бойынша жұмыс жалғасуда.

Пилоттық жоба енгізілген сәттен бастап нәтижелер жеке құрамды тәртіпке келтіріп, профилактикалық әсер ете отырып, өзінің тиімділігін көрсетті. Қызметкерлер өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға және өз міндеттерін адал орындауға тырысады. Сонымен қатар, пара беру әрекеттері туралы хабарламалардың өскені байқалады.

Үш факт бойынша тексеру кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол берген объектілердің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, тағы үш факт бойынша айыппұл салынды.

Айта кетейік, ТЖМ алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдауға ниетті.