Маңғыстау облысында 7 адам құтқарылды

Маңғыстау облысында 7 адам құтқарылды

2023 жылғы 11 желтоқсанда сағат 07:44-те 112 пультіне Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Құрық-Ақтау тас жолынан шамамен 23-25 шақырым жерде автокөлік батып қалғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖ департаментінің қызметкерлері 7 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарды.

Авариялық құтқару жұмыстарына №7 өрт сөндіру бөлімінің 5 қызметкері мен 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Маңғыстау облысының ТЖД еске салады.

- жалғыз жолға шықпаңыздар;

- жақындарыңызға сапарыңыз туралы хабарлаңыздар;

- сапар алдында көліктің жұмысын тексеріңіздер;

- байланыс құралдары мен пауэрбанкті өзіңізбен бірге алыңыздар;

- көлікке жылы заттар мен алғашқы көмек жинағын салыңыздар;

- ТЖ кезінде 112 телефонына хабарласыңыздар.

 

Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі