
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметінің №13 МӨСБ қызметкерлері Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті студенттері үшін ашық есік күнін ұйымдастырды. Онда техника, құтқару құралдары мен жабдықтары көрсетілді.
Іс-шараның басты мақсаты азаматтық қорғау қызметінің ерекшеліктері туралы ақпаратты кеңінен тарату, өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін және жастардың кәсіби бағдарын дамыту.
Студенттерге өрт сөндіру бөлімінің тарихы туралы айтылды. Өрт сөндірушілердің күнделікті жұмыс күнінің ұйымдастырылуымен танысты. Студенттер өрт сөндірушінің жауынгерлік киімінің ерекшеліктері туралы білді, құтқарушылар оны қалай дұрыс және тез кию керектігін көрсетті, ал олар жауынгерлік киімді киіп көру мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар қауіпсіздік сабақтарын игерді және өрт сөндіру машинасына қанша су сиятыны және өртте бұл қор қанша уақытқа жететіні сияқты фактілерді қызығушылықпен тыңдады.
Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы