
Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарымен, ПД қызметкерлерімен, «Бірлік» волонтерлік ұйым волонтерларымен бірлесіп облыс аумағында жатақханалар мен қонақ үйлердің иелерімен өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша «Жатақхана» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жатақхана тұрғындарының қатысуымен жиындар, түсіндерме жұмыстары ұйымдастырылды. Жатақхана иелерімен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді.
Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті облысы тұрғындарынан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды және өрт қауіпсіздігіне қатысты бұзушылықтар туралы «101» және «112» кезекші қызметіне хабарлауды сұрайды.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі