Жетісу облысында «Жатақхана» акциясы жалғасуда

Жетісу облысында «Жатақхана» акциясы жалғасуда

Жатақханалар мен хостелдерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті полициямен, жергілікті атқарушы органмен бірлесіп «Жатақхана» акциясын өткізуді жалғастыруда. Бастысы қоғамның назарын өрт қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне аудару.

Алдын алу іс–шараларын өткізу барысында өрт кезінде өзін және мүлкті қалай қауіпсіз сақтау керектігі туралы нұсқаулықтарды түсіндіріп, жатақханалар мен хостелдердің иелерімен және тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша нұсқаулықтар өткізілді.

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті жатақханалардың, қонақ үйлері мен хостелдердің меншік иелерін, сондай-ақ олардың тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі