Сырым Шәріпханов өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасына енгізілетін норма туралы хабардар етті

Сырым Шәріпханов өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасына енгізілетін норма туралы хабардар етті

Республиканың қауіпті өндірістеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелері министрліктің тұрақты бақылауында.

«Заң жобасында тек техникалық басшылармен шектелмей, ұйымның барлық басшылары емтихан тапсыруға қатысты нормалар көзделген. Бұдан басқа, жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар шеңберінде авариялық-құтқару қызметтерінің позицияларын, сондай - ақ жеке құрамның штат санын есептеу нормативтерін және жарақтандыру нормаларын күшейту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады», - деп Сенаттағы Парламенттік тыңдау барысында Сырым Шәріпханов хабарлады.

Сонымен қатар қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен олардың зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жауапкершілігін қатаңдату және аварияларды оқшаулауға және жоюға арналған күштер мен құралдардың әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданбау мәселесі пысықталуда.

Министр авариялық-құтқару қызметтерінің қызметі саласында жүйелі проблемалар бар екенін, соның салдарынан өндірісте ірі авариялар орын алатынын атап өтті. Бұл жабдықтау тапшылығы, жеке құрамның жинақталмауы, қауіпті өндірістік объектілер иелерінің қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою бойынша берілетін ұсынымдарды елемеуі, еңбекақының төмендігі және құтқарушыларды әлеуметтік қамсыздандыру.

Өндірістік авариялардың алдын алу мақсатында ТЖМ басшысы ұйымның бірінші басшысына тікелей бағынып, жеке өндірістік бақылау қызметін құру жөніндегі ұйымдардың міндетін бекітуді ұсынды. Сонымен қатар ТЖМ-ге қауіпті өндірістік объектілерді жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру жоспарын келісу, сондай-ақ ұйымдардың оны уақтылы орындау жөніндегі міндетін бекіту бойынша өкілеттіктер беруді ұсынды.