ТЖМ құрамасы волейболдан бірінші орынды иеленді

ТЖМ құрамасы волейболдан бірінші орынды иеленді

Астанада «QAZAQSTAN QYZMET VOLLEYBALL CUP 2023» волейболдан аралас стильдегі алғашқы турнир өтті. Турнирге 16 мемлекеттік органдардың командалары қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында өтті. Турнир спорттың келесі түрлері: волейбол мен арқан тартыс бойынша өтті.еспПе

ТЖМ құрамасында 12 қызметкер сайысқа түсті. Тартысты ойын қорытындысы бойынша ТЖМ құрамасы волейболдан бірінші және арқан тартыстан екінші орынды иеленді.

QAZAQSTAN QYZMET CUP жобасы 2018 жылдан бастап бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау үшін іске асырылуда. Оның негізгі мақсаты кооперация және мемлекеттік басқару субъектілерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.