Автокөліктегі өрттер

Автокөліктегі өрттер

Павлодар облысында 2023 жылдың 11 айында автокөлік құралдарында 57 өрт тіркелді (2022 жылы -54) 5,5% - өсті. Автокөліктегі өрттердің негізгі себептері электрсымдарының қысқа тұйықталуы, әлсіз жанасу салдарынан электрсымдарының шектен тыс қызуы, отын жүйесінің герметикаланбауы, газ баллонды жабдықтың істен шығуы, өртеу және т. б. болып табылады.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының зерттеу өрт сынақ зертханасы автокөлікте жану пайда болған жағдайда:

-        бірден 101 немесе 112 нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз;

-        автокөліктің клеммаларын ажыратуға тырысыңыз;

-        алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіш) өртті сөндіруге тырысыңыз;

-        жалынды брезентпен жауып, құммен, борпылдақ топырақпен, қыста қар лақтырыңыз.

-        өрттің таралуын болдырмау үшін жақын маңдағы көліктерді айналдыруға тырысыңыз.

Өзіңізге және көлігіңізге  сак болыңыз!

 

Павлодар облысы ТЖД МӨББ

зерттеу өрт сынақ зертханасының бас маманы