5 желтоқсан күні сағат 20:43-те Қобда ауданы Білтабан ауылдық окуругі «Ақжайлау» шаруа қожалығынан мал іздеуге шығып қайтып оралмағаны бойынша хабарлама келіп түсті.
Іздестіру құтқару жұмыстарына Қобда ауданының құтқарушылары мен жергілікті атқарушы органдар және полиция бөлімінен жалпы 15 адам мен 5 техника шықты.
Іздестіру құтқару жұмыстары нәтижесінде сағат 23:00-де 1975 жылы туылған ер адам «Ақжайлау» шаруа қожалығынан 8 шақырым қашықтықта аман-есен табылды. Медициналық көмекті қажет етпеді.
Ақтөбе облысы ТЖ департаменті өз өмірі және жақын адамдарының өміріне қауіп төндірмеу үшін облыс тұрғындарына келесі ережелерді сақтауды ұсынады:
- ауа-райы болжамын мұқият оқып шығыңыз;
- қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз. Ақпаратты 112 құтқару қызметінің телефоны бойынша, сондай-ақ «Darmen» мобильді қосымшасының көмегімен нақтылауға болады;
- «112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған кезде елді мекендерге барудан және шығудан аулақ болыңыз.
- машинаны төтенше жағдайда аман қалуға мүмкіндік беретін қосымша, бірақ өте қажет жүкпен жабдықтау:
- отын қоры бар канистр (кемінде 20 л) және құюға арналған құйғыш;
- шай термосы және азық-түлік қоры;
- жылы киімнің қосалқы жиынтығы.
Ақтөбе облысы ТЖД Баспасөз қызметі