Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша дөңгелек үстелге қатысу

Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша дөңгелек үстелге қатысу

2023 жылғы 5 желтоқсанда Төтенше жағдайлар вице-министр Мереке Пішембаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ өндірістік базасында ұйымдастырған «2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасын және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жетілдіру жөніндегі заңнамалық өзгерістерді талқылау» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты.   

Дөңгелек үстелде өндірістегі еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды, сондай-ақ республика бойынша еңбек жағдайларының сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту бойынша тұжырымдамалық шаралар қабылданды.

«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ Астана қаласының Индустриялық паркінде орналасқан, бір секциялы жүк, жолаушылар және маневрлік тепловоздар шығарады, жобалық қуаты жылына 100 бірлік тепловозды құрайды, қызметкерлер саны 855 адамды құрайды.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК