ҚР Парламенті Сенатының депутаттары ТЖМ бөлімшелеріне барды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары  ТЖМ бөлімшелеріне барды

2023 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттар тобы елордадағы өрт-құтқару бөлімшелеріне барды.

Депутаттар жұмыс барысымен танысу мақсатында  Астана қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағына, Асқар Забикулин атындағы №2 және №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдеріне және №17 өрт сөндіру бөліміне барды.  

ТЖ вице-министр генерал-майор генерал Ерлан Нұрпейісов қонақтарды құтқару бөлімшелерінің қызметімен таныстырды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың техникалық жабдықтары мен жарақтары, оқу-жаттығу кешені, диспетчерлік қызметтердің жұмысы көрсетілді.

Депутаттар қызмет атқарып жүрген қызметкерлердің тұрмыстық жағдайына, кепілдендірілген әлеуметтік пакеті, сондай-ақ қаза тапқан өрт сөндірушілердің отбасыларына көрсетілетін көмек мәселелеріне көңіл бөлді.

Депутаттар құтқару қызметінің жасақталуын бағалап, азаматтық қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Сапар аясында елордалық гарнизонның өрт сөндіру мұражайына да барды.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі