
Ағымдағы жылғы 1 желтоқсанннан бастап Жамбыл облысы аумағында Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті, «ҚазтрансгазАймақ» АҚ, Сәулет және құрылыс бақылау басқармасы, Салық қызметі және волонтерлік ұйымдар қызметкерлерімен бірлесіп «Жатақхана» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде. Жамбыл облысының аумағында 46 жатақхана және 3 хостел жұмыс атқарып тұр.
Бүгінгі күні мобильді топтармен 12 рейд жүргізілді. Жатақханалар мен хостелдерде тұратын азаматтардың қатысуымен жалпы 12 жиын ұйымдастырылды, қамтылған адамдар саны 250, жатақхана иелерімен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша 2 дөңгелек үстел өткізілді.
Жатақханаларда тұратын азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін білу және сақтау тұрғысынан әлеуметтік сауалнама ұйымдастырылды.
Профилактикалық іс-шаралар барысында тұрғын жайдың өрт қауіпсіздігіне байланысты жағдайы бақыланып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.
Төтенше жағдайлар департаменті Жамбыл облысы тұрғындарынан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды және жатақханалар мен хостелдердегі өрт қауіпсіздігіне қатысты бұзушылықтардың барлық фактілері туралы «101» және «112» диспетчерлік қызметінің пультіне хабарлауды сұрайды.
Жамбыл облысы ТЖД МӨББ