
Азаматтық қорғау органында 1998 жылдан бері қызмет атқарады. Қазіргі таңда Шымкент қаласы ТЖД мамандандырылған жасақ бастығы лауазымында.
2017 жылы «Шымкент Мұнай Өнімдері» мұнайбазасында орын алған алапат өрт кезінде Нұрбек Таукеев өзінің батылдығын көрсетіп, бір тәулікке созылған өртте өзінің жанқиярлығымен соңына дейін тілсіз жаумен күресте аянбай еңбек етіп, өртті сөндіруге үлкен септігін тигізді. Осы қайсарлығы үшін «Ерлігі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды. Сондай-ақ қызмет атқару барысында мінсіз қызметі үшін «Қазақстан полициясына 25 жыл», «ТЖМ Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төс белгілерімен, «Өртке қарсы органдарындағы қызметі үшін 15 жыл», «ІІМ төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» және «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюда үздік шыққаны үшін» медальдарымен марапатталған.