ШҚО ТЖД 2024 жылға арналған қауіпсіздік күнтізбесін жасады

ШҚО ТЖД 2024 жылға арналған қауіпсіздік күнтізбесін жасады

2024 жылдың келер уақытына тура 1 ай уақыт қалды. ШҚО ТЖД құтқарушылары өздерінің оқырмандарының қамын ойлап, қауіпсіздік күнтізбесін жасады. Әр ай сайын олар болуы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алатын ережелерді жазып, мамандардан кеңес арнады. Бұл күнтізбені әр адам өзінің гаджеті немесе компьютеріне бастапқы бет ретінде қоя алады.

«Үнемі қолымызда жүретін телефон азаматтарға  аптаның қай күні туралы ғана емес, біздің «ескерту кеңестеріміздің» көмегімен ережелер мен нормаларды сақтаудың қаншалықты маңызды екенін еске салып отырады деп сенеміз. Олардың барлығы өңірде болып жатқан оқиғаларға талдау жасала отырып әзірленген»,  - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев.

ҚАҢТАР
Жылы киін. Жаңа жылды қауіпсіз қарсы ал. Құтқарушыларға құлақ ас, денсаулығыңды күт.

АҚПАН

Жұқа мұз үстінде жүрме. Өз өмірің - өз қолыңда.

НАУРЫЗ

Тәуекел етпе. Қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарға шықпа. 112 нөмірін есте сақта

СӘУІР

Балғын шөпті баптауда абай бол. Өрттің шығуына жол берме.

МАМЫР
Жадыраған жазға дайын бол. Жүзуді үйрен. Су қателікті кешірмейді.

МАУСЫМ
Барлық жағынан қамтамасыз етілген жағажай - сенің алаңсыз демалысың.

ШІЛДЕ
Балаларды қараусыз қалдырма. Қауіпсіздік сақтауда оларға үлгі бол.

ТАМЫЗ
Қыс мерзіміне отын суыңды дайында. Құтқарушылардың кеңесін еске түсір.

ҚЫРКҮЙЕК
Балық аулауға барсаң кеудеше ки. Қайығыңа шектен тыс салмақ түсірме.

ҚАЗАН
19 қазан ҚР құтқарушылары күні. Сен үшін өз өмірін бәйгеге тіккен жандарға алғыс айт.

ҚАРАША
От жаққанда абай бол, мұржаны уақтылы тазала. ТЖ оқиғаларының санын көбейтуден сақтан.

ЖЕЛТОҚСАН
Жыл есебін шығар. Үйге шырша құруда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтай біл.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі