29 қарашада вице-министр генерал-майор Ерлан Нұрпейісовтың басшылығымен ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің баспасөз қызметтерінің республикалық семинар-кеңесі өтті.
Семинар жұмысына қалалар мен облыстардың ТЖ департаменттерінің басшылары, қоғаммен байланыс бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар аясында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетінің аға оқытушысы журналистика магистрі Сейілбек Асанов және ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің мемлекеттік органдарымен стратегиялық жоспарлау және өзара іс-қимыл қызметінің басшысы Ноян Шоманов баспасөз қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру бойынша оқыту дәрістерімен сөз сөйледі.
Вице–министр министрліктің ақпараттық күн тәртібіндегі басым бағыттарды атап өтіп, басты бағыт-халық арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша тапсырмалар берді.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі