Біздің батырлар: Аскербек Кулбараков

Біздің батырлар: Аскербек Кулбараков

Ақтөбе облысы ТЖД № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі. 2006 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет атқарады. Еңбек жолын өрт сөндіруші болып бастаған.

2011 жылы Ақтөбе қ. Әбілқайыр көшесі бойындағы  9 қабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 9 адамды өрттен құтқарып қалды. 2021 жылы Тургенев көшесіндегі үйлердің бірінде өрт шығып түтін ішінен 6 бала мен қарт кісіні өрттен алып шығып құтқарды.

2011 жылы ТЖМ бұйрығымен  «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 2020 жылы ҚР Президенті жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Үздік қорғаушы» шайбалы хоккей бойынша ҚР ТЖМ кубогімен марапатталды.