
Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы.
2021 жылғы 7 желтоқсан күні шамамен сағат 09.35-те жаяу жүргіншілер көпірінен жүкті әйел секіргені туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Нұрсұлтан Жұмағазиев осы хабарлама бойынша дереу оқиға орнына жетіп, суға батып бара жатқан әйелге қарай жүзіп барып, оны судан шығарып, сол мезетте оқиға орнына келіп жеткен су полициясының қайығының бортына көтеру арқылы жүкті әйелді құтқаруды қамтамасыз етті.
Әйелді қайықтың бортына көтергеннен кейін бас құтқарушы Нұрсұлтан Жұмағазиев жүрекке массаж жасап және жасанды тыныс алу арқылы алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісті. Бас құтқарушы Нұрсұлтан Жұмағазиевтың батыл әрекеттерінің арқасында жедел жәрдем келгенге дейін әйел құтқарылды және жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Іздеу-құтқару операциясы 30 минуттан астам уақыт бойы жүргізілді. Нұрсұлтан Жұмағазиев құтқару операциясын ұйымдастыруда және жүкті әйелді батылдықпен құтқаруда өзін сауатты маман жағынан көрсетті.