Анонс

Анонс

2023 жылғы 30 қараша күні сағат 11.00-де Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында (28237 әскери бөлімі, Байдібек би көшесі 29) ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің құрылғанына 50 жыл толуына арналған Кеңес Одағының батыры Б. Момышұлының құрметіне муралдың ашылу іс-шарасы  өтеді.  

Салтанатты іс-шара Мәдениет үйінде жалғасын табатын болады.

Іс-шараға Б. Момышұлының туысы Зейнеп Ахметова, ҚР ТЖМ вице-министрі генерал-майор Б.М. Сыздықов, өзара әрекеттесу органдарының өкілдері, ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы, ардагерлер және әскери бөлімнің жеке құрамы қатысады.

Аккредиттеу бойынша Айдос Байшағыровқа (28237 әскери бөлімі, ұялы тел: 8 747 901 34 99, эл.пошта: aidos_alban86@list.ru) немесе Алматы облысы баспасөз қызметіне (ұялы.тел: 87023786321) хабарласу қажет.