
27 қараша күні сағат 10.16-да Ленинский кентінің Ғарышкерлер көшесінде 2 қабатты терезеден түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт орнына келгенде, 5 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатындағы пәтерде диван, үй заттары жанып жатқаны анықталды, өрт ауданы 15 шаршы метр.
Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері баспалдақпен 3 ересек пен 3 баланы (2018, 2020, 2022 ж.т.) эвакуациялады.
Өртті жоюға жеке құрамның 10 адамы және 3 техника жұмылдырылды.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін 15 адам өз бетінше эвакуацияланды.
Өрт орнында Апаттар медицинасы орталығының 4 қызметкері зардап шеккен үш адамға, оның ішінде екі балаға көмек көрсетті.
Шұғыл қабылданған шаралар арқасында өрт сағат 10.48-жойылды. Алдын ала нұсқа бойынша өрттің себебі өртті абайсызда болды деп болжамдайды.
Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды еске саламыз:
- ешбір жағдайда төсекте, сондай-ақ жанғыш заттар мен материалдардың жанында темекі шекпеңіз, қонақтарыңыздан да солай талап етіңіз;
- күл салғышта сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелерді қалдырмаңыз, оларды қоқыс жәшіктеріне және жанғыш материалдардың тұтануы мүмкін жерлерге тастамаңыз.
Есіңізде болсын, от жауапсыздықты пен немқұрайлылықты кешірмейді.
Павлодар облысы ТЖД
қоғаммен байланыс тобы