
Ұлытау облысында жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрт болатын өрттің алдын алу бойынша және қыс мезгілінде өрттің, өрт және көміртегі тотығымен улану кезінде адамдардың қаза болуының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жоспарлы түрде және күн сайын орындалуда.
Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, 2083 тұрғын үйді аралап, өрт қауіпсіздігі талаптарының ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Өрт-профилактикалық жұмысты жүргізу мақсатында әлеуметтік қорғау органдарының, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының деректері бойынша пешпен жылытылатын 373 жеке тұрғын үйде тұратын халықтың әлеуметтік осал топтарының (көп балалы және аз қамтылған отбасы, жалғыз басты мүгедектер және зейнеткерлік жастағы адамдар) тұрғын үй тізімдері қалыптастырылды. Осы әлеуметтік осал топтағы үйлерге көміртегі тотығын анықтайтын датчиктерін орнату кезең-кезеңімен жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін 178 датчик орнатылды.
Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері үйіңіздегі өрттерді болдырмау үшін өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін есте сақтауларыңызды және орындауларыңызды сұрайды:
электр жылыту құрылғыларын жанатын заттардың жанына қоймаңыз;
жылыту маусымы басталғанға дейін және жылыту маусымы кезінде әр үш ай сайын мұржаларды күйеден тазартуды ұмытпаңыз;
жарықтары бар пештерді пайдаланбаңыз;
жанып жатқан пештерді, электр жылыту және газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз;
барлық электр құрылғыларының жарамдылығын қадағалаңыз;
пәтерде газдың иісі болған кезде электр жарығын қосуға, сіріңке жағуға, темекі шегуге, ашық отты қолдануға жол бермеңіз. Рұқсат етілген жағдайда газдың авариялық қызметін дереу шақыру және ол келгенге дейін үй жайларды мұқият желдету қажет;
газ плитасы жанып, камин, пеш немесе электр құрылғылары жанған кезде балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз.
Өрт немесе түтін болған жағдайда өрт сөндіру бөліміне нақты мекенжайды көрсете отырып, «101» немесе «112» нөмірлері бойынша дереу хабарлаңыз.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі