Қазгидромет РММ деректеріне сәйкес 2023 жылғы 25-27 қарашадағы дауылды ескерту

Қазгидромет РММ деректеріне сәйкес 2023 жылғы 25-27 қарашадағы дауылды ескерту

сақталады:

24-25 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

күтіледі:

25 қарашада түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

Астана қ.: 25 қарашада түнде және таңертең тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 25 қарашада жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.

25 қарашада түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.     

Павлодар қ.: 25 қарашада түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі. 

25 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші  15-20 м/с, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с.

Петропавл қ.: 25 қарашада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

25 қарашада Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 18 м/с күтіледі.

25 қарашада түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды қ.: 25 қарашада көктайғақ күтіледі.

25 қарашада Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе қ.: 25 қарашада көктайғақ күтіледі. Түнде бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады екпіні 15-20 м/с.

25 қарашада түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Семей қ.: 25 қарашада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

25 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Өскемен қ.: 25 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

25 қарашада түнде Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында, күндіз солтүстік жартысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20м/с.Қостанай қ.: 25 қарашада бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

25 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

жел соғады облыстың батысында, солтүстік-шығысында 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 25 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с күтіледі.

25 қарашада түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 25 қарашада түнде көктайғақ күтіледі.

25-27 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 25-27 қарашада солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, түнде 25 қарашада екпіні 23-28 м/с, күндіз 26-27 қарашада екпіні 25 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 25-27 қарашада тұман күтіледі.

25 қарашада түнде Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында, күндіз солтүстік жартысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20м/с.Қостанай қ.: 25 қарашада бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.