
Облыс аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында республикалық «ҚЫС-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.
23 қарашада облыстың шұғыл ден қою жасағының саптық байқауы өткізілді. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғаудың авариялық-құтқару құралымдарының қатал қыс жағдайында туындайтын төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын тексерді.
Облыс әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетов азаматтық қорғаудың барлық қызметтері мен құрылымдарының алдына міндеттер қойды. Әр аудан үшін практикалық іс-қимылдарды пысықтау үшін жеке кіріспе анықталды.
Шұғыл ден қоюдың 13 жасағы, 328 адамнан тұратын 217 азаматтық қорғау құралымы және 108 техника дайындыққа келтірілді.
Электр сиреналарын іске қосу арқылы ескерту жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді. Аталған шара тұрғындардың «Баршаның назарына!» хабарламасының бірыңғай дабылына назар аудару тәртібін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
РКШОЖ шеңберінде облыс аумағында төтенше жағдайларда іс-қимылдарды пысықтау бойынша 66 тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар, оның ішінде қардың қатты жаууы және боран кезінде іздестіру-құтқару жұмыстары, оның ішінде құтқару авиациясын тарта отырып, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде авариялық-құтқару құралымдарының іс-қимылдары және т.б. өткізілді.
Коммуналдық қызметтер электр, жылу, су, газ жүйелерінде орын алған апаттарды жою жұмыстарын тәжірибе түрінде көрсетті. Тәжірибелер алдыңғы жылдарда орын алған төтенше жағдайларды есепке ала отырып жоспарланды.
Батыс Қазақстан облысының аумағында тәжірибені ескере отырып, арақашықтығы 425 шақырымдай автожолдардың 187 қар көп жиналатын учаскелер қатаң бақылауға алынды. 19 жылыту және трассалық-медициналық-құтқару пункттерінің жұмысы ұйымдастырылған болатын.
Жалпы оқу-жаттығуға облыс бойынша 785 адам, 375 бірлік техника қатысты.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі