Батыс жылу  кешенінде орын алған шартты апат  сәтті жойылды

Батыс жылу  кешенінде орын алған шартты апат  сәтті жойылды

"ҚЫС-2023"командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Алматы қаласында басқару мекемелерінің күштері мен құралдарды қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындығы тексерілді.

2023 жылғы 24 қарашада  Батыс жылу кешенінің аумағында  (тіршілікті қамтамасыз ету объектісінде)  шартты өрт жойылды , авариялық-қалпына келтіру жұмыстары, сондай-ақ кешеннеің жұмыскерлерін әртүрлі тәсілдермен эвакуациялау элементтері пысықталды.

Сонымен қатар Әуезов ауданының №121 жалпы білім беретін мектебінде  зардап шеккен халықты қабылдау бекеттері  орнатылып, онда халықты бірінші қажеттіліктегі құралдармен және киім-кешекпен  қамтамасыз етілді.

Аудандық төтенше жағдайлар басқармалары әкімдіктерімен бірлесіп, қаланың тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының элементтері пысықталды.

Оқу жаттығуына  17 азаматтық қорғау қызметі, қала аудандарының әкімдіктері мен ТЖМ аумақтық бөлімшелері, жалпы саны 252 адам және 67 арнайы және құтқару техникасы жұмылдырылды.

Атап өту қажет, барлық тартылған қызметтер  қысқы кезеңдегі туындаған төтенше жағдайларды жоюға дайындығын көрсетті.

 

 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі